Жылдың цитатасы: Өмір кейде қатал келеді, бірақ мейірімінде аямақ емес сенен…
Жылдың үздік сайты:- WordPress.com (интернеттің жоқтығынан тек қана блог жүргіздім)
Жылдың үздік блогы:</em
1. Ақын… Періште… Махаббат.
2. Балғырған
3. Біздің ауыл
Жылдың ең үздік танысуы:
Жылдың үздік тағамы:- шөпеткен (ашық манты)
Жылдың үздік сусыны:- Piko алма
Жылдың үздік әсері, экстримі- Карьерға түсу
Жылдың сыйлығы- Германиядан келген шокалад (Сағынға көп-көп рахмет!)
Жылдың телесериалы- Листопад (түрік сериалы, әкеге деген құрметтен артық ештеңке жоқ екенін түсіндім. Әкең үлкен мәуелі ағаш болғысы келеді балаларын бар жамандықтан сақтау үшін. Осы киноны көрсем болды атам еске түседі.)
Жылдың киносы- Сумерки (қиялға қанат бітіреді)
Жылдың әні:- Сырым Исабаев «Күзгі дауыл»
Осы жылда ашылған қызығушылық: Басқа қалаларды зерттеу
Орындалмаған арман: Көп қой
Орындалған арман: Алдымдағы бір мақсатымның орындалуы
Үздік қала: Астана
Жылдың ең үздік орны: Түрген тау шатқалдары
Рухани өзіндік жаңалық: Командировкалап жүруге үйреніп қалдым
Үздік әнші: Қайрат Нұртас
Үздік актер/(актриса): «Секер» киносында ойнаған басты рольдегі кішкентай қыз
Үздік кітап: «Ғашықтар» І.Есенберлин
Ең керемет күн: 16- желтоқсан (себебі үйге бардым ғой демалуға)
Сәтті сатып алынған мүлік (зат): Биылға тәуба дерлік
Ең керемет адам: Әкем мен аннам (ешқашан өзгермейді.)
Үздік киім: Көйлек сатып алмақшымын (жаңа жыл кешіне көйлек киіп келесіңдер деген талап бар
қалай болар екен а? Ұмыт қаппын оны қалар киерін)
Толықтырулар болып қалады.

Иә, қазіргі күні үлкен сұранысқа ие кітап және кино. Шыны керек өзіме де қатты ұнады. “Сумерки”- вампирге ғашық болу бұл қорқыныш па әлде қызық па? Әрине фантас жанрда ғана қызық болуы мүмкін.
Кітабын алғаш оқығаннан күннен бастап-ақ қолымнан тастамадым. Кітабы бірден адамды өзіне жаулап алады. Бірақ, қанша дегенмен қазіргі жастарға вампирлер әлемі қатты әсер етіп жатыр. Оны вампирлер туралы түсірілген кинолардың прокаттарынан және іздеу жүйелерінде де 1- орында жүргенінен аңғаруға болады.
Меніңше алдымен кітабын қарап шыққан дұрыс шығар. Себебі кітаптағы әсер жақсырақ.
Қазіргі кезде махаббатың құны жоғалып бара жатқан заманда адамның вампирге ғашық болуы суреттелген. 17 жаса Бэлла мен 17 (107) жасар Эдвард махаббаты.
Оқып, қарап шығуға кеңес берем. Өздеріңіздің махаббатарыңызды олардың сезімдерімен салыстырып көріңіздер. Фантастика болса да ойлар керемет. Бірақ бәріміз вампирге ғашық болуды армандап кетпейік…
Алдыңғы қазан айы тек командировкамен өтті. Қазір соның отчеттарын жасап қолым аздап босамай жатыр. Сондықтан да блогымда аздап жаңармай қалды.
5-21 қазан аралығында Семей қаласында болып қайтым. 24-31 қазан аралығында Қарағанды облысындағы Ақжал ауылында болдым. Екі жақтада карьерда жұмыс жасаудың қалай екенін байқап қайттым. Суреттер фотоаппаратым істемей қалып аздау болып қалды.
Сонымен алдарыңызда Ақжал карьерынан аздап көрініс.


Біз Ақжалда жүрген кезде “жарылыс” жасады. Сол жарылысты алыстан түсіріп едік.

Сонымен алдарыңызда бір айдың есебі.
Эстафетаны алыс жатқан ел Жапониядағы Көңілашардан қабыл алдым
Өмір туралы
- кейде жыным келіп кетеді, бірақ «тәуба» деп жүре берем.
Уақыт туралы
- жетпей жатады, тағы да аздап болса деуші едім, уақыт өтеді кетеді.
Отбасы туралы
-ең қымбат жандар
Достар туралы
-уақыт алыстатады…
Арман туралы
- көөөөөөөөөпппппппп қой. Тек қана ұмтылу керек.
Жұмыс пен хобби
-қазір тек жұмыс, жұмыс, жұмыс. Хоббиімнен аздап алыстап қалдым.
Ақша туралы
-су, болса тез арада жұмсап тастаймын. Негізі жинап үнемдеп жұмсай алмаймын.
Ұстаным туралы
-Ойлап жүріп қате кетіп қала беред ![]()
Ақылға сыймайтын әрекеттер
-Осыдан 1-2 жыл бұрын жиі жасап тұратын істерім еді. Қаз кішкене салмақтырақ болып қалған сияқтымын.
..Болашақ туралы
-Жақсылықтар күтіп тұр деп сенгім келеді!

Бүгін 13- қазан. Семей қаласында интернет клуб іздеп жүрмін. Сөйтіп өзім тұрып жатқан үйдің қасында тұрған клубты байқамай 4 күн құр жүріппін.
Солай мен СЕМЕЙдемін. Қала өте суық. Қанша дегенмен жылыға үйреніп қалыппын.
Байқағандарым СЕМЕЙден:
1. Қала кішкентай екен. Айтпақшы нан арзан екен. 20-40 теңгеге алуға болады.
2. Автобуста қыдыруды жаранамаламаймын немесе олай етуіңізге қарсымын. Білмеймін тіресіп тұрсада Алматының автобустары жақсыма деп қалдым. Бұл жерде проезд 35 теңге ал балаларға 15 т. Студенческий деген атауымен жоқ.
3. Бомж, қайыршы, ұйықтап жатқан мастар деген кісілерден таза қала. Айтқандай 23.00 ден соң бұл жерде спиртті ішімдіктерді сатпайды. Заңға байланысты. Бірақ 23.00 ден кейін істейтін магазиндер тізімі санаулы-ақ.
4. Ақ кірпіштен үй тұрғызғанды ұнатады екен. Торгывый домдары көп және алматыдағы барлық магазиндер атауы бар екен мұнда да. Көбіне ағылшынша.
5. Жаңа мостты алыстан көрдім қасына бармадым.
23- жылға осы қалада аяқ бастым. Жалғыз дегендей. Достарымсыз, туғандарымсыз. Бірақ бәріне рахмет звандап, смс жазып көңілімді көтеріп тастады. Ой сезілмейді-ау осы 23 жас
. Бәрібір сол баяғы Айконамын. Өзгеріп кетем ба десем. Өзгеріс байқалмайды. ;Қ
Сонымен Алматыға деген сағыныш бар жүректе…
Кейінгі кезде достарыммен (жігіттер) сөйлесе қалсам бітті “үйленетін қыз іздеп жүрмін” дейді. Беттеріне бадырайып қарап қалам. Қыз дегенің көп емес па,- десем. Ой, бәрі “қыз” емес қой дейді.
Шынымды айтсам мүмкін басында түсінбей қалатынмын. Қазіргі кезде форум беттерін ашып қалсаң бітті осы мәселе талқыланып жатады. Сондағы кінәлайтындары тек қыздар. Олардың бұл іске жалғыз баратындарына ойланбайды да. Себебі сол қыздардың көбінің құртылуына солар өзіде себепші болды емес па? Әлде олай емес па? Алдап үйленем деп алып тастап кетіп жатқан жігіттер қаншама? Ол әлде есепке алынбайды ма?
Кейде осы ойлайм да мүмкін осы қыздар да жігіттерден сол “нәрсені” талап етсек пе екен? Сонда тепе-теңдік болар еді ғой. Оған қалай қарайсыздар жігіттер

Иә, иә менің де блогыма бір жыл болып қалыпты. Блогыма бір жыл. Бір жыл мен біреуге бірдеме бердім емес көп нәрсе ала алдым ба? Күнделікті күйбең тірліктен хабар беріп, ойымдағы ойларымды сіздермен бөлісе алдым ба білмеймін. Бірақ сіздермен араласқаныма өте қуаныштымын. Ішімде жүрген ойларымды сіздермен бөлісе, талқылауға сала алдым. Жоғалып кеткен кездерімде болып тұрады. Бірақ бәрібір блогымнан алыстаған емеспін. Алыстауда ойымда жоқ.
Сонымен бір жылдықты атап өткен жайым бар.
Қарап тұрсаңыз біздер бәріміз тұрақсыздаумыз иә.
Жәй соны талқылап көрейікші.
Тұрақсыз адамдар қайдан шығады. Тұрақсыздықтың түрлері: ғашығына тұрақсыздық, жұмысқа, еліне, хоббиіне, жұбайына, автокөлігіне және т.с.с.
Ғашығына тұрақсыздық- күніне соған ғана «сені сүйем деп» алып осы сөзді тағы да басқа min 2-3 адамға max 5-6 адамға айту немесе басқа әдемі кісілерді көргенде сол сәтте сол кісіні ұнату…
Жұмысқа тұрақсыздық- көбіне өзіне жұмысы ұнамаудан басталады. Бір жерде тұрақтап ары кетсе 2-3 айға ғана қонақтап отыра алады. Бірақ өте қауіпті қазір.
Еліне тұрақсыздық- тұрақсыздықтың ең жаманы.
Хоббиіңе не өзінің сүйікті ісіңе- көбіне бұл рухани күйреуден және уақыт өте келе адамның сана-сезімінің толығысуынан өзгеріске ұшырайд, бірақ жиі байқалмайтын құбылыс.
Жұбайыңа- негізі адамдар ойлайды бұған әйел адамдар қатты қобалжиды деп. Жоқ, егер ер адамның әйелі тұрақсыздау боп келсе ер адам қатты күйзеліске түседі. Дегенменде, әйел адам қанша дегенмен жанұяға келгенде тұрақтырақ келеді екен (тағы да әйел байғұс).
Автокөлік (қазақшасы қателеспесем) теміратқа- бұл көбіне қызыққұмар кісілердің әумесерлігі.
Қарап тұрсаңыз барлық тұрақсыздық көрсеқызарлықтан туады екен. Тууу қою керек қой осы көрсеқызарлықты.
Мамандығыма байланысты іс сапарларға жиі шығатындықтан аздап түсірген суреттерімді жариялап тұрайын деп шештім. Онша фотограф емеспін. ![]()
Геологтардың “сүйікті” заты:

Тау раушаны (горная роза):


