Тест драйв: Toyota Matrix


image_l

Былтыр ғана көлік алғым келеді деп пост жазған екенмін. Сол кезде қызығушылықпен тойота королланы біраз сынаған екенмін, дегенмен ол кезде көліктің ең басты бөлігі маторды ашып көрмеппін. Қыз дегенің сол ғой, сыртқы әдемілік болса болды деп кете беріппін. Биыл өзім көлікке отырғалы біраз нәрседен хабарым бар болды. Бұрын білемін дегенім жәй ғана ертегі екен. Сомен, жаман-жақсы Toyota Matrix  рөліне отырғаныма бүгін 4-ай болды. Көлігімді сіздермен таныстырып қояйын деп шештім. Себебі, Қазақстанға енді-енді танымал болып келе жатқан көліктің бірі. Сондықтанда матрикске кез-келген авто базардан, магазиннен запчасть табу оңай жұмыс емес…

1434601680_l

Менің көлігім 2003 жылы шыққан, автомат. Тойота матрикстерді 2002 жылдан бастап шығара бастаған. Спортты түрдегі әрі биік, әрі жүк салғышы кең көлік мақсатында шығарылған. Матрикстерді 54%-ын әйел адамдар мінеді. Себебі прадолардан кіші, короллалардан үлкен. Әрі көлемі ыңғайлы. Матрикстер тек Жапония мен Канада да ғана құралады. Жапониядағы атауы — Тойота Вольтц, айырмашылығы руль оң жақта. Тойота Матрикс үш комплектацияда шығарылған – XRS, XR және Standart.

1434602077_l

Салон өте кең, әрі артына балаларды отырғызып қоюға да ыңғайлы. Салонның өзінің екі есігі (нақты қалай аталатынын білмеймін) бар. біреуі толық салонды көрсетке, екіншісі терезе іспеттес ашығу болады.

1434602077_l

Көкке шыққанда ішіне ұйықтағанға немесе үлкен зат тасығанға ыңғайлы етіп артқы сиденья толық жатқызылады. 3 метр ұзындықтағы затты оп-оңай сыйдыруға болады. Алдыңғы пассажир орындығыда алға қарай толықтай жатқызуға болады.

1434602178_l

Багажниктің екі жағында екі қалташа бар, май, жидкость, антифриз огнетушитель сап қоюға ыңғайлы. Артқы орындықтың артқы жағында ұзын аралық бар, ол жерге қармақ анау-мынау салып қоюға ыңғайлы.

1434602404_l1434602482_l

Багажниктің астын ашсаң запасный балонның үстін жауып тұрған бөлік бар, ол жерге мен аптечка, ключтер салам. 1434602628_l

Астында запаска салуға арналған орын бар.

1434602702_l

1434602760_l

Салонның іші кең, қысылмай отыруға болады. Салон велюр.

1434602782_l

Артта отырғандарға арналған сусын салып қойғыш қарастырылған.

1434602827_l

1434602879_l

Кондиционері жақсы суытады, іші жақсы жылиды. 2 минуттың ішінді жылынып алуға болады. Бардачоктың іші кең, бірақ құлыпталынбайды.

1434602935_l

Менде тұрған магнитола өзінікі емес, хундайдыкын сап қойған. Видео көруге болады. Бірақ флешка оқымайды. Диск, SD карта ғана оқиды. Дыбыс анық, қатты шығады. Музыканы жақсы көретіндерге күшті, колонкалар 4 есікте орналасқан.

1434603032_l

1434603068_l

1434603092_l

Бардачоктан бөлек екі қалташасы бар, ақша, қағаздар, тиындар сап қоюға ыңғайлы.

1434603127_l

Көлігімнің көлемі — 1,8. Мен үш күнде бір 2000 (20 л) тг бензин жасаймын. Үш күнде мен шамамен 230-250 км жүрем. VVT-I моторы орналасқан. Тартуы жақсы. Қазірге еш ремонт жасатпадым.

1434603438_l

Манёвр жасағанға ыңғайлы, қозғалысы жылдам. Ең әлсіз тұсы — есіктердің тұтқасы. Абайлап ашпаса тез сынып қалады. Өзім сындырып үлгердім :). Әзірге осы, сұрақтарыңыз болса пікірге жазыңыздар.

1434604107_l

Оставьте комментарий